Жаңалықтар

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы карьерасындағы ең ауыр жекпе-жекті атады

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы карьерасындағы ең ауыр жекпе-жекті атады
Фото: instagram.com/tysonfury 22.06.2023 08:20 585

Ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (33-0-1, 24 КО) американдық Деонтей Уайлдермен (43-2-1, 42 КО) өткен үшінші айқас мансабындағы ең қиын жекпе-жек болғанын мойындады. Бұл туралы DAZN-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бұл кездесу екі боксшы үшін де нағыз шайқасқа айналғанын айтады. Менің ойымша, бұл Уайлдермен үшінші жекпе-жек. Деонтей екеумізде трилогия, яғни үш титулдық жекпе-жек болды. Соның ішінде үшінші жекпе-жек менің мансабымдағы ең қиыны болды. Екеуміз де шайқасқа шықтық. Ол мені екі рет нокаутқа жіберді, мен оны үш рет нокаутқа жіберіп, 11-раундта нокаутпен аяқтадым. Тозақтағы төбелес секілді, - деді Фьюри.

Естеріңізге сала кетейік, Фьюри мен Уайлдердің алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында өтті және тең аяқталды. 2020 жылдың ақпанында өткен екінші жекпе-жекте британдық жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 2021 жылдың қазан айында өткен трилогияда Фьюри тағы да жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға