pexels.com

Ұйықтай алмайтындар үшін: жылдам ұйықтауға көмектесетін ең күшті әдіс

27.06.2025 18:34

Ұйқының сапасы өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Алайда, заманауи өмірдің қарқыны, күйзеліс пен экранға ұзақ қарау ұйқыға кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан ұйқыны жақсартудың тиімді, әрі қарапайым тәсілдерін білу – әрбір адам үшін маңызды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұйықтай алмай мазасы кететіндер - жай ғана бір аяқты көрпенің сыртында қалдыру тез-ақ терең ұйқыға алып кететінін білді ме?

Бұл кеңес 2023 жылы «Физиологиялық антропология» журналында жарияланған ғылыми зерттеуге негізделген. Зерттеуге сәйкес, көптеген адамдардың инстинктивті түрде бір аяғын ашық қалдыру әдетінің ғылыми дәлелі бар және ол — тыныш ұйқының құпиясы болуы мүмкін.

Бұл неге әсер етеді? Ұйқы физиологиясы және дене температурасы

Ғалымдардың пікірінше, дене температурасының төмендеуі – адам ағзасына ұйқы уақыты келгенін білдіретін негізгі сигнал. Температура түскенде, ми мелатонин гормонын бөле бастайды. Бұл гормон ұйқыны жеңілдетеді және ішкі биологиялық ырғақты реттейді.

Адам табанының астында жылуды тез шығаратын арнайы қан тамырлары бар. Бір аяқтың ашық қалуы дене температурасын тиімді түрде түсіріп, мелатониннің бөлінуін ынталандырады. Нәтижесінде, ұйықтау уақыты қысқарып, ұйқы сапасы жақсарады.

Халық тәжірибесі және күмәндар

Көптеген адамдар бұл кеңестің ғылыми негізі бар екенін білген соң, таңданыстарын жасырмады:

«Мен әрқашан бір аяғымды көрпенің сыртында қалдырамын».
«Мен мұны бала кезімнен жасап келемін», – дейді олар.

Соған қарамастан, ғылым аяқтың салқындауы ұйқыны жақсартатынын растайды.

Қосымша әдістер: аяққа арналған ванна және жылы шұлық

Кейбір зерттеулер ұйқы сапасын жақсарту үшін қосымша амалдарды да ұсынады:

  • Жылы аяқ ваннасы — Жапон зерттеушілері 2023 жылы ұйқыға 1–2 сағат қалғанда жылы суға түсудің ұйқыны жақсартатынын дәлелдеді. Бұл қан тамырларын кеңейтіп, денені салқындатуға көмектеседі.
  • Қытай ғалымдары 42°C температурада 24 минуттық аяқ ваннасын тиімді тәсіл ретінде ұсынады. Ваннадан соң аяқтың ашық қалуы – оның жылдам салқындауына сеп болады.
  • Жылы шұлық кию — кореялық зерттеу нәтижесі бойынша, жылы шұлық қан тамырларын кеңейтіп, дене температурасын төмендетуге көмектеседі. Бұл түнгі ұйқыны орта есеппен 30 минутқа ұзартып, ұйықтау уақытын 7,5 минутқа қысқартқан.

Алайда, аяқтар тым суып кетпеуі керек, өйткені ол қан тамырларын тарылтып, кері әсер етуі мүмкін. Мақсат – жылуды тиімді шығару, тоңып қалу емес.

Егер ұйықтай алмай жатсаңыз, күрделі әдістерге жүгінбей-ақ, бір аяғыңызды көрпенің сыртына шығарып көріңіз. Бұл дене температурасын реттеуге, мелатонин бөлінуіне және ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, жылы ванна мен шұлық секілді қосымша амалдарды қолдансаңыз, әсері одан да жоғары болады.