Жаңалықтар

"Үйдің жалғыз қызы". Оралдағы дәмханада қаза тапқандардың есімі белгілі болды

"Үйдің жалғыз қызы". Оралдағы дәмханада қаза тапқандардың есімі белгілі болды
Фото: mgorod.kz 08.01.2024 12:53 1501

Оралдағы дәмханада қайтыс болған үш адамның аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Олар жер қойнына тапсырылды. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында 32 жастағы Руслан Қаржаубаев жерленді. Оның артында екі баласы қалды. Ол дәмханаға досымен тамақтануға барған. Жарылыс кезінде екі бетонның ортасында қысылып қалыпты. Төтенше жағдайдан тірі қалған досы  қазір жарақат бөлімінде емделіп жатыр

Жарылыстан қаза болғандардың бірі студент Ерхан Тоқбаев та дәмханаға тамақ ішу үшін келген. Ол Шыңғырлау ауданындағы Алмазное ауылында жер қойнына тапсырылды. Осы оқыс оқиғада қаза тапқан үшінші адам бір үйдің жалғыз қызы 19 жастағы Маргарита Мұхаметжанова. Осы мекемеде даяшы болып жұмыс істеген. Маргаританы 6 қаңтарда Бәйтерек ауданындағы Достық ауылында жер қойнына тапсыды.

Соңғы ақпарат бойынша дәмхананы жалға алған адам ұсталып, қамауға алынды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға