Жаңалықтар

Үш мыңға жуық Қызылорда тұрғынына баспаналы болмақ

Үш мыңға жуық Қызылорда тұрғынына баспаналы болмақ
Фото: © Pixabay.com 13.08.2023 11:51 627

Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл өңір тұрғындарына 1430 пәтер табысталады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті V сессиясында мәлімдеп отыр.

Қазір облыс көлемінде 31,4 млрд. теңгеге 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 30 үй (93 мың шаршы метр, 1430 пәтер) халық игілігіне табысталады. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға 1000 пәтер сатып алуға (600 пәтер Қызылорда қаласында, 400 пәтер аудандарда) республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді», - деді аймақ басшысы.

Елдің әл-ауқатын арттырудың тағы да бір өлшемшарты – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар жасалуда (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған). Өткен жылы 6 ауыл "көгілдір отынға" қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл тағы да 12 елді мекенге табиғи газ тартылып, газдандыру деңгейі 75 пайызға жетеді деп күтіліп отыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға