Жаңалықтар

Универсиада Қазақстан құрамасының алғашқы делегациясын қабылдады

Универсиада Қазақстан құрамасының алғашқы делегациясын қабылдады
Фото: Olympic.kz 27.07.2023 16:20 1268

Чэнду Универсиадасы Қазақстан құрамасының алғашқы қатысушыларын қабылдады. Садақ ату бойынша ұлттық құрама Чэнду халықаралық әуежайына келіп, спортшылар кампусында орналасты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Чэнду университетінің кампусында орналасқан Универсиада қалашығы әлемнің 170-тен астам елдері мен аймақтарынан спортшылар мен өкілдерді қабылдады.

Біздің құрама Универсиадада өз өнерін 27-31 шілде аралығында бақ сынасатын 11 спортшыдан тұратын садақ ату жарыстарынан бастайды. Өтетін орны Modern Pentathlon Center Equestrian Arena.

Садақ ату командасының құрамына: Авдеева Елизавета, Әлімбаев Мансур, Берча Иван, Вебер Рудольф, Габдушева Диана, Еременко Александр, Займова Мадина, Ноженко Елена, Сагутдинов Шамиль, Сайдахметова Айжан, Тұрсынбек Диана кірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға