Жаңалықтар

Ұлытау облысының бірнеше ауданында жарық жүйесі 100 пайыз ескірген

Ұлытау облысының бірнеше ауданында жарық жүйесі 100 пайыз ескірген
Фото: © ОКҚ 26.06.2023 16:02 924

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында жарық жүйесі 100 пайыз, ал су құбыры 73 пайыз ескірген. ОКҚ-да Ұлытау облысының әкіміне журналистер тікелей сұрақ қойып, неліктен 20 жыл бойы жөндеу көрмегенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш ақпаратты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы растады. Әкімнің сөзінше, ол жақтағы жарық мәселесі өзекті болып отыр.

Бұл Жаңаарқа ауданында ғана емес, Ұлытау облысында да бар. Жарық жүйесі әбден тозған. Кезінде мемлекеттік балансқа да алынбаған. Қазір Жаңаарқа бойынша барлық тоқ желілері балансқа алынып, жөндеу жұмыстары біртіндеп жүргізіліп жатыр. Тоқ тасымалдайтын ең үлкен компания қазір бұл мәселені өз қарамағына алды. Бүгінгі күні тоқ желілерін сол компанияға бердік. Өйткені оны күтіп ұстауға біздің мүмкіндігіміз жоқ және мекеме де жоқ, – дейді облыс әкімі.

Әкімнің айтуынша, аталмыш үлкен компания жөндеу жұмыстарын өз мойнына алса, онда халықтың қарызы бюджеттен шешіледі және толығымен қамтамасыз ету мәселесін шешу жоспары тұр.

Қазір Жаңаарқа ауданында барлық тоқ желілерін балансқа алып, өз қаражаттары есебінен үлкен компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Бұған дейін Ұлытау облысында пәтерді жалға алу құны шарықтап кеткенін жазғанбыз. Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға