Жаңалықтар

Ұлытау облысында 20 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Ұлытау облысында 20 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Фото: baq.kz 16.11.2022 18:00 909

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында көктайғақ салдарынан 20 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Жол апатынан 35 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz

Жол-көлік оқиғасы сағат 06:40-та Павлодар - Қызылорда тас жолында, Ақтүбек ауылының маңында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 53 жастағы жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

«Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы қаза тапты. Оқиға кезінде автобуста 20 жолаушы болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиiстi сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады Ұлытау облысы бойынша ПД баспасөз қызметi.

Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде вахта жұмысшылары болған. Олар үйлеріне қайтып бара жатқан. Автобус аударылған кезде олардың үшеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға