Жаңалықтар

Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін дүбірлі дода

Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін чемпионатта кімдер бақ сынайды?
Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін дүбірлі дода
12.04.2017 15:39 2304

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.  

Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы  сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін дүбірлі дода 10-15 сәуір аралығында өтеді.

Чемпионатқа 1997-2001 жылдары туған жастар қатысады. Олар көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Жарысқа 12 облыстан  220 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға