Жаңалықтар

Үкіметте халықаралық банктермен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Үкіметте халықаралық банктермен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz 24.01.2023 17:43 1185

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар орта білім беруді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ күре жолдарды реконструкциялау, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар жобаны жалғастыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкінің өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға