Жаңалықтар

«ҰБТ тапсыруға трактормен барған». Вице-министр БҚО-дағы шулы оқиға туралы айтты

«ҰБТ тапсыруға трактормен барған». Вице-министр БҚО-дағы шулы оқиға туралы айтты
Фото: ҰТО 03.04.2024 17:00 601

Желіде Батыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары ҰБТ тапсыруға трактормен барғаны туралы бейнежазба тарады. Бұған қатысы ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дархан Ахмед-Заки бейнежазбадағы оқиғаға қатысты тиісті шаралардың қолданылғанын айтты.

Әрине, мен бұл бейнежазбаны көрдім. Жауапты тұлғалар жазасын алды. ҰБТ аясында тест тапсыру жүйесін жергілікті атқарушы органдар, жалпы біздің тестілеу орталығы қамтамасыз етуі тиіс. Наурыз айының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді 117 мыңнан астам түлек тапсырды, - деп атап өтті ол.

Білім вице-министрінің сөзінше, мектеп оқушылары келесі ҰБТ-ны енді маусым айында тапсырады.

Айта кетейік, бұған дейін біз Сенат отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылғаны жайлы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға