ТЖМ құтқару бөлімшелері Белорусьтегі бірікке оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр
Биылғы 1-6 қыркүйек күндері аралығында Беларусь Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖМ құтқару бөлімшелерінің бірлескен арнайы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жаспа.
Қазақстан Республикасы ТЖМ атынан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысуда.
Оқу-жаттығулар Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының полигонында өтуде. Қатысушы елдердің құтқарушылары ауқымды төтенше салдарларды жою бойынша практикалық және теориялық кіріспені пысықтайды. 5 қыркүйекте өтетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша оқу-жаттығулардың демонстрациялық кезеңіне дайындалып жатыр, деп жазылғанТЖМ таратқанақпаратта.
ТЖМ құтқарушылары қираған ғимараттарда және теміржол апаты кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің тактикалық міндеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлары туындаған кездегі өзара іс-қимылдарыныңың тиімділігін арттыруға бағытталған.