Жаңалықтар

Түркиялық футбол жанкүйерлері құтқарушыларға алғыс білдірді

Түркиялық футбол жанкүйерлері  құтқарушыларға алғыс білдірді
Фото: qazaqstan.tv 17.02.2023 12:01 2614

Түркиялық футбол жанкүйерлері түрік еліне көмек көрсеткен Қазақстан және өзге елдердің құтқарушыларына алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Түркиялық «Трабзонспор» мен швейцариялық «Базель» құрамаларының кездесуі алдында жанкүйерлер құтқарушыларға алғыс айтып, баннер ілді.

Айта кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асқан екі жер сілкінісі тіркелді. Артынша жүздеген афтершокқа жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, оның ішінде Сирияда да сезілді.

Осыған дейін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға