Жаңалықтар

Түркиядағы зілзалада құтқарушылар 88 адамның денесін алып шықты

Түркиядағы зілзалада құтқарушылар 88 адамның денесін алып шықты
Фото: gov.kz 23.02.2023 13:05 809

Қазақстандық құтқарушылар жеті адамды құтқарды. Сондай-ақ ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қазақстандық құтқарушылар 88 адамның денесі алып шыққанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Түркияға келгеннен бастап, жедел штабтың құрамына кіріп, солардың тапсырмасы бойынша жұмысымызды бастап кеттік. 10 күндей жұмыс істеп, 17-cі жұмысымызды тоқтаттық. Қазақстан құтқарушылары шетелден келген құтқарушылардың арасында ең соңғы болып шықты. Іздеу жұмыстары аяқталғаннан кейін елге қайттық. Қазір құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді ол.

Сондай-ақ вице-министр мародерлерге қатысты қандай оқиға болғанын айтып берді.

«Мародерлерге қатысты түрлі жағдайлар болып жатты. Біздің істеп жатқан жерде бір ғана оқиға болды. Бір азамат осы жерде үйім бар, тұрғынмын деп келген еді. Кейіннен оның іздеуде жүрген азамат екені анықталып, Түркия полициясы алып кетті»,- деді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы ең қатты қираған орында жұмыс істеді. Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға