Жаңалықтар

Түркиядағы президент сайлауы. Бірінші турдың қорытындысы белгілі болды

Түркиядағы президент сайлауы. Бірінші турдың қорытындысы белгілі болды
Фото: © Pixabay.com 20.05.2023 06:27 1120

Түркиядағы президент сайлауының бірінші турының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметінше, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудың бірінші турында 49,24%, жеті оппозициялық партия атынан сайлауға түскен оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 45,07% дауысқа ие болған.

Resmi Gazete сайты таратқан мәліметке сәйкес, сайлаудың бірінші туры бойынша Ердоған 26 млн 86 мың 102 дауыс, Кылычдароғлу 23 млн 873 мың 749 дауыс алды. AТА коалициясының кандидаты Синан Оганды 2 млн 796 мың 613 (5,28%), Мухаррем Инжені 0,41% сайлаушы қолдады. Сайлауға халықтың 88,92%-ы қатысқан. Ал 1 млн 20 мыңнан астам дауыс жарамсыз деп танылды.

Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру қорытындысы бойынша Ердоған - 57,7%, Қылышдароғлу 39,6% дауыс алды.

Осылайша, Ердоған мен Кылычдароғлу екінші турға өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға