Түркістан облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
18.07.2023 11:35
1054
Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте 19 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты
- «Қаһарман». Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр
Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған, - делінген мәліметте.
Күдіктілер қамауға алынған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада коммуналдық қызмет тарифі қаншалықты өзгереді?
Келесі жаңалық
Атырауда жұмысшы жастардың басқосуы өтті