Жаңалықтар

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі 11.07.2023 06:31 1264

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда облыс аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресу бойынша Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен бірлесіп іс-шара жоспары бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс-шараға сәйкес, қос мекеме өкілдері заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша Ордабасы ауданына рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде ауданда орналасқан қыш зауыттары жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқанын анықтап, заң аясында экология департаментіне шара қолдану үшін ұсыныс жолданды. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналыспақ.

Арыс қаласы аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушы «Понтакрин» ЖШС бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлік басқармасы, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Арыс қаласының әкімдігі бірлесіп, Арыс қаласының халқымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аталған мәселе толық зерделенді. Аталған жер қойнауын пайдаланушымен Арыс қаласы, «Тақыр» алаңында құм өндіруге арналған 2008 жылғы 27 тамыздағы №445 келісімшартының қолданысы тоқтатылды.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы аудан, қалаларда құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша алгоритм ұсынды және мобильді топтардың жұмысы күнделікті қадағалануда.

Бүгінгі таңда алгоритмге сәйкес Ордабасы ауданының мобильді тобы заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша Бадам ауыл округінде заңсыздықты анықтады. Бадам өзені бойында тас қияқтау цехын іске қосатын арнайы кабинаның есігіне және арнайы ток күшін қосатын трансформаторға жергілікті полиция тарапынан №7 арнайы мөрі басылған парақша жабыстырылды және 4 техника айып тұрағына жеткізілді.

Сауран аудандарының мобильді тобы заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша 6 деректі анықтады. 4 техника айып тұрағына апарылып, тиісті шара қолданылған.

Одан бөлек, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы облыс аумағындағы заңды кен орындарының жұмыстарын бақылау үшін тау-кен инженері – маркшейдер маманымен зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Арыс қаласындағы кен орындарына тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытта нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға