Түркістан облысында қолына қару ұстаған жігіт қызу талқыға түсті

 Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бейнежазбаны Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады.

Оқи отырыңыз:

ҚР ІІМ мәліметінше, нәтижесінде бейнежазбадағы жас жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды.

Жас жігітпен тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқи отырыңыз