Туристерге ескерту: Әлем чемпионаты кезінде нені білу керек

 Wikipedia
Фото: Wikipedia

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Осы орайда сыртқы істер министрлігі Әлем чемпионатына баратын қазақстандық жанкүйерлерге ескерту жасады.  

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандық жанкүйерлерге Әлем чемпионаты кезінде нені ескеру керегін айтып берді:
  • құжаттарды немесе көшірмесін жаныңыздан тастамаңыз;
  • жергілікті құқық қорғау органдарының талаптарын орындаңыз;
  • маршрутты алдын ала жоспарлаңыз;
  • ресми сервистерді пайдаланыңыз;
  • рұқсат етілмеген, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болыңыз.

Ерлан Жетібаев шетелдегі көші-қон заңнамасы мен визалық талаптарды қатаң сақтау қажетін атап өтті.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті шұғыл қызметтерге немесе Қазақстанның консулдық мекемелеріне хабарласу керек, – деді ол. 

Футбол тойы қай қалаларда өтеді?

Футбол матчтары АҚШ, Канада және Мексика аумағындағы 16 түрлі қалада өтеді. Турнирде 48 құрама бақ сынайды. Әлем біріншілігінде  жалпы 104 матч өтеді. Ашылу салтанаты Мексика қаласындағы «Ацтека» стадионында,  финал Нью-Джерси маңындағы Ист-Ратерфорд қаласындағы аренада болады. 
 
Ойындар өтетін барлық 16 қала:
  • АҚШ: Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк/Нью-Джерси, Филадельфия, Сан-Франциско, Сиэтл.
  • Канада: Торонто, Ванкувер.
  • Мексика: Мехико, Гвадалахара, Монтеррей

Айта кетерлігі, Әлем чемпионатын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Оқи отырыңыз