Жаңалықтар

Тоқсанға жуық айыппұлды төлемеген көлік жүргізушісі ұсталды

Тоқсанға жуық айыппұлды төлемеген көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.05.2023 01:29 568

Атырауда тоқсанға жуық айыппұлды төлемеген көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 мамыр күні Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Mersedec автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға