Жаңалықтар

Тоқаевтың атына Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келді

Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз
Тоқаевтың атына Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келді
Фото: Ақорда 21.11.2022 14:58 876

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз",– деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, 20 қараш күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Бұған дейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров құттықтап, телефон арқылы сөйлескен болатын.

Сондайақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин құттықтау жеделхатын жолдаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға