Жаңалықтар

Тоқаев Әлеуметтік кодекске қол қойды

Тоқаев  Әлеуметтік кодекске қол қойды
Фото: Ақорда 20.04.2023 18:21 1960

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.

Кодексте қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жеті негізгі бағыты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және зейнетақымен қамсыздандыру шаралары көрсетілген:

  • балалары бар адамдарды (отбасыны) әлеуметтік қолдау;
  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары;
  • кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтер;
  • мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау;
  • зейнетақымен қамтамасыз ету;
  • азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды әлеуметтік қолдау.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға