Жаңалықтар

TOEFL-ға дайындықта көмектесетін 12 ресурс

TOEFL тапсыру керек пе? Әрине, арнайы курстарға баруға болады.
03.07.2014 10:09 8867

TOEFL тапсыру керек пе? Әрине, арнайы курстарға баруға болады. Бірақ егер мотивация мен тәртіппен жүру секілді қасиет болса, Интернетпен дайындалып шығуға болады. Интернет кеңістігінде кеңестер, тапсырмалар, алдын ала тест сұрақтары бар. Сонымен қатар тест тапсырған басқа да студенттермен сөйлесуге мүмкіншілік табылады.

TOEFL-ға дайындықта көмектесетін 12 ресурс

TOEFL деген не

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) — ағылшын тілінде оқуға арналған университеттерге түсу үшін, тіл деңгейін анықтайтын тест жүйесі. Емтихан 4 бөлімнен тұрады: Reading, Listening, Writing и Speaking. Әр бөлімге жеке-жеке дайындалу керек. Оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу қабілеттерін тексеріп, ортақ ұпайы шығарылады.

Тапсырма

Сипаттама

Уақыты

Reading (Оқу)

12-14 сұрағы бар 3-4 мәтін

60-100 минут

Listening (Тыңдау)

5-6 сұрағы бар 2-3 мәтін

60-90 минут

Үзіліс

Міндетті үзіліс

10 минут

Writing (Жазу)

6 тапсырма

20 минут

Speaking (Сөйлеу)

2 тапсырма

50 минут

Ағылшын тілін жақсы білетін адамның өзіне бұл тестті тапсыру үшін дайындық керек. Тесттің өзіндік құрылымы, арнайы логикасы бар. Берілетін тапсырмалар мен сұрақтардың ерекшеліктері жетерлік. Сонымен қатар сөздік қор да көлемді болуы шарт. Себебі, тест барысында жан-жақты саладан сұрақтар кездеседі. Осыған байланысты ағылшын тілін жақсы біліп те тестті сәтсіз тапсыруға болады. TOEFL-ге дайындалу ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Алдын ала дайындық жоспарын жасап, іске кірісу керек.

Жеке дайындалуға арналған тегін ресурстар

GoodluckTOEFL — емтиханға қатысты барлық ақпаратты осында таба аласыз. Сұрақтардың жасақталу ерекшеліктері мен емтиханның жалпы құрылымы сынды мәліметтер бар.

Learn4Good — жеке дайындалуға арналған практикалық тапсырмалардың үлкен қоры жинақталған. Сонымен қатар базалық сұрақтар мен сөздік қорға қатысты мәліметтер бар.

NoteFull — кейбір курстары ақылы. Бірақ тегін курстардың өзі баршылық. Сайттағы мұғалімдерден кеңестер алуға мүмкіншілік бар.

Exam English — ағылшын тіліндегі емтихандарға дайындалатын ресурс. TOEFL-дің барлық бөлімдеріне арналған тапсырм алар базасы.

TestPrepPractice — белгілі уақытқа арналған интерактивті тапсырмалар жинағы.

i-Courses — материалдардың кең қорын қамтиды. Тестке дайындалатын жақсы көмекші. Toeflgoanywhere — тапсырмалар, сөзжұмбақтар, басқатырғыштар, видеосабақтар ресурсы. Ресурс негізінде дайындалушылардың қауымдастығы бар.

Metacafe — Speaking пен Writing дайындалуға арналған видеосабақтар.

TestMagic — әртүрлі тесттер. Қосымша материалдар мен форумы бар.

Stuff — 20 минуттық тесттерді шешу ресурсы. Соңында тесттін қорытындысы жеке зерттеу ретінде сізге ұсынылады.

Engvid — тек TOEFL-ге ғана емес, ағылшын тілін үйренудің тамаша құралы.

Real ESL — Лос Анджелес қаласынан шыққан ағылшын тілі мұғалімінің видеоблогы.

 

Жоғарыда аталып кеткен барлық ресурстарды пайдалану міндет емес. Өзіңізге келетінін таңдап алу қажет. Және ең бастысы – табандылық пен жүйелілік. Сонда ғана интернеттін барлық мүмкіндігін пайдалануға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға