Жаңалықтар

Тоқаев Қытай Жаңа жылы мен қысқы Олимпиаданың басталуына қатысты пікір білдірді

Тоқаев Қытай Жаңа жылы мен қысқы Олимпиаданың басталуына қатысты пікір білдірді
26.01.2022 16:44 1410

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты. 

Достық пен көршілік қарым-қатынас, өзара ынтымақтастық одан әрі де біздің елдеріміздің дамуына қызмет етеді деген сенімдемін. Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен қытай халқын келе жатқан Қытай Жаңа жылымен құттықтаймын. Сондай-ақ 4 ақпанда басталатын XXIV қысқы Олимпиадасының басталуымен құттықтаймын. Олимпиаданың «Бірге, бірлескен болашақ үшін!» ұраны Орталық Азия мен Қытайдың бірлескен тұрақты дамуына бағытталсын, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мемлекет басшылары қатысып жатыр. 

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. 

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға