Жаңалықтар

Тіс туралы қызықты мәліметтер

Тіске байланысты қызықты фактілер топтамасы.
18.12.2015 12:27 34896

El.kz порталы тіс туралы қызықты мәліметтер топтамасын ұсынады. 

Тіс туралы қызықты мәліметтер

Тіс туралы қызықты мәліметтерХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. Замаңына қарай бөркіңді ки демекші, көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен.

Тіс туралы қызықты мәліметтер

Кейбір африкалық тайпаларда жан-жануарлардан ерекшелену үшін күрек тістерді орта   бөлігінен сындырған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАвстралияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тайпалар күрек тістерін тылсым күштерге құрбан еткен.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАңыз-әңгімелерге сенсек, Будданың 40 тісі болса, Адамда 30 тіс болған екен. Бір айдағы 30 күннің болуы осыған байланысты деседі.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАдам тістері 2-ақ рет өздігінен өседі. Біріншісінде, 20 сүт тістер пайда болса, кейінен 32 тіс шығады. Айтпақшы, «сүт тістер» деп алғаш болып Гиппократ атап кеткен.

Тіс туралы қызықты мәліметтерТұңғыш рет электрлі тіс щеткасы Швейцарияда пайда болды. Қазіргі таңда әлемдегі 12% адамдар электрлі тіс щеткасымен қолданады.

Тіс туралы қызықты мәліметтерӘлемдегі ең қымбат тіс – Исаак Ньютонның тісі. 1816 жылы 3300$ сталып алынған бұл тіс иесінің жүзігінен орын тапты.

Тіс туралы қызықты мәліметтерТістерге бағалы тастарды қондыру ерте кезде де сәнде болған. Мысалы, Майя тайпасының адамдары тістерін гаухар тастармен көркемдеген.

Тіс туралы қызықты мәліметтер14 мыңға жуық емделушілерді зерттеп-бақылаған жапондық ғалымдар, күніне тістерін 3 рет тазалайтын адамдар үлкен салмақпен сирек жолығатынын дәлелдеді.

Тіс туралы қызықты мәліметтерТістердің қауіпсіздігне нұқсан келтіретін бірден-бір спорт түрі – хоккей. Кәсіпқой хоккейшілердің 68% мұз айдынында кем дегенде бір тісінен айрылған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерӨткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынан бастап әлемде 3000 жуық жаңа тіс щеткаларының түрлері пайда болыпты. Мысалы, үшбасты щетка (максималды тазалық), тіс пастасын өзі сығып беретін щетка, таймері бар тіс щеткасы және т.б.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАҚШ-тың Вермонт штатының заңдарына сәйкес, әйел адам тіс протезін тек жолдасының жазбаша рұқсатынан кейін кие алады.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАлғаш тіс щеткалары Қытай елінде 500 жыл бұрын пайда болған. Олар доңыздың түгінен, борсық пен жылқының шашынан жасалған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерӘлемдік алмаз байлығының 80 %-ы стоматологиялық бор әзірлеуге жұмсалса, қалған кішкене бөлігі ғана зергерлердің қолына тиеді екен.

Тіс туралы қызықты мәліметтерТістің алтын қаптамасын дайындау үшін бір ғана америкалық тіс дәрігерлері жыл сайын 13 тоннаға жуық алтын жұмсайды екен.

Тіс туралы қызықты мәліметтерҚытай елінде қолданылған тіс тазартқыштарды жинайтын мекемелер бар. 1 кг тіс тазартқыш таяқтардың құны 1 доллар.

Тіс туралы қызықты мәліметтерКейбір зерттеулер бойынша, солақайлар көп жағдайда асты сол жақ тістерімен шайнаса, қалғандары оң жақ бөлік тістерімен шайнайды екен.

Тіс туралы қызықты мәліметтерЛюдовик ХІ кезінде елге беделді адамдар тек сұйық тамақ ішкен деседі. Өйткені, олардың пайымдауынша, тамақты көп шайнау бетке әжім түсіреді.

Тіс туралы қызықты мәліметтерНорвегияда 100 мыңға жуық сүт тістер сақталған «тіс банкі» жұмыс жасайды. Бұл банк қоршаған ортаның тіске тигізетін әсерін бақылауға көмектеседі. 

Тіс туралы қызықты мәліметтерАлғаш стоматолог әйел адам – америкалық Люси Тэйлор.

Тіс туралы қызықты мәліметтерАҚШ-тың Род-Айленд штатында сенбі күндері тіс щеткасын сатуға тыйым салынған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерҚытайда 20 қыркүйек күні «Өз тістеріне махаббат» ұлттық мейрамы тойланады.

Тіс туралы қызықты мәліметтерГрейпфурт жемісі ауыз қуысы ауруларынан сақтайды.

Тіс туралы қызықты мәліметтерЕжелгі египеттіктер тіс пастасы ретінде вино мен пемзаның қоспасын қолданған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерЕжелгі Римде тіс тазалау үшін арнайы құлдарды жалдаған. 

Тіс туралы қызықты мәліметтерСағызға алғаш рет қантты 1869 жылы стоматолог Уильям Семпл қосқан болатын.

Тіс туралы қызықты мәліметтерТіс 1000 градуске дейін төзе алады.

Тіс туралы қызықты мәліметтерКальцийдің 99%-ы тісте жинақталған.

Тіс туралы қызықты мәліметтерКакаоның құрамында тіс жегін алдын алатын қоректі заттар бар.

Тіс туралы қызықты мәліметтерҰлудың 25 000-ға жуық тістері бар.


Айша АХМЕТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға