Жаңалықтар

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!

2015 жылғы Оскардың «ең үздік фильм» номинациясын жеңіп алған «Бердмэн» туындысының режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту биыл көрерменге тағы да тосын сый дайындап отыр.
28.07.2015 05:26 4021

2015 жылғы Оскардың «ең үздік фильм» номинациясын жеңіп алған «Бердмэн» туындысының режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту биыл көрерменге тағы да тосын сый дайындап отыр. Иньярриту түсірген "Тірі қалған" ("Выживший") вестернінің бірінші трейлері де шықты. Ресми трейлерін қараушылардың саны бүгінде 13 миллионнан асты. Картинада басты рөлде әйгілі Леонардо Ди Каприо ойнайды.

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!

Фильм америкалық тауға өрмелеуші әрі тұңғыш жол салушы Хью Гласстың өмірбаянын көрсетеді, Ресми синопсис бойынша, саяхаттаушы Гласстың басынан өткен өте қатерлі оқиғасы мен адамның адам сенбес күшті рухы жайлы. 

Фильм трейлерінде Ди Каприо сомдаған Гласс өзінің қарсыласы әрі бұрынғы досы Джон Фицджеральдқа қарсы болады (бұл рольде Том Харди ойнайды). Сонымен бірге, роликте кейіпкердің қара аюмен арпалысатын сәті бар. 

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!

Сценариін де Иньярриту жазған лентада Домнал Глисон және Уилл Пултер ойнайды. "Тірі қалған" фильмінің таныстырылымы 2015 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Шамасы бұл фильмді 2016 жылғы Оскар жүлдесі қарсаңында көрсетіп, бір жүлде иеленуі әбден мүмкін.

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!

– Мен сөзшең адамдардың образын көп ойнадым. Бұл жолы көптен армандағанымдай көп сөйлемейтін қаһарманның рөлі бұйырды. Барлық эмоцияңды сөзсіз жеткізу расында да қызықты. Мен фильмге түсерде көбіне режиссерді емес, сценарийді таңдауға тырысамын. «Тірі қалған» фильмі мықты маманның қолына түскенін қаладым. Себебі, сценарий керемет болуы мүмкін, бірақ одан шедевр жасайтын ең алдымен мықты режиссер.

Голливудте бұл жобаның айналасында көп сөз жүрді. Ал, жобаға фильмнің режиссері Алехандромен жолыққан соң келістім. Оның фильмді түсіруге деген құлшынысы мені қызықтырды, – дейді Лео Ди Каприо.

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!

– Мен Леоның талантына бұрыннан бас иемін. Осы жобаны қолға алғанда ең бірінші кандидатым Лео Ди Каприо болды. Оны ең алғаш «Что гложет Гилберта Грейпа» фильмінен көрдім. Ол одан кейін де қаншама фильмге түсті. Тек өсумен, дамумен келеді. «Тірі қалған» фильмінің түсірілімін ерте бастауға да болар еді, бірақ Лео «Волк с Уолл-стрит» фильмінің түсірілімімен уысымызға түспеді.

Түсірілімнің басым бөлігі Канададағы жақпар тауларда өтті. Актерлер жылыжайда емес, өте суықта фильмге түсті. Себебі, ХІХ ғасырдағы жол салушының басынан өткен қиындықтарын көрерменге жеткізу керек. Күннің суықтығы сонша, қалтырап-дірілдеп кеттік. -35 градусты көрсеткен қарлы боранды телефонымның камерасымен түсіргім келген, бірақ ол үшін қолғабымды шешуім тиіс еді. Қолғабымды шешсем, бір минуттан кейін саусақтарым қозғалмай қалар еді. Сол сәтте өзіме «Мен бұл жерде не жоғалттым?» дегенім де бар, – дейді фильмнің режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту.

"Тірі қалған" туындысы – әлем күткен фильм!


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға