Жаңалықтар

The Ring: Головкин орта салмақта көш бастап тұр

The Ring: Головкин орта салмақта көш бастап тұр
Фото: instagram.com/gggboxing 20.04.2023 13:36 535

Беделді The Ring журналының рейтингіне қазақстандық төрт боксшы енді. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орта салмақтағы үздіктер тізімінде бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр. WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші орынға жайғасқан. Екінші сатыда мексикалық Хайме Мунгия тұр.

Орта салмақтағы ТОП-10 тізімге Мейірім Нұрсұлтанов та енді. Ол сегізінші орынан көрінді.

Екінші орта салмақтағы рейтингте үздік ондықты Али Ахмедов түйіндеп тұр. Бұл дивизионда мексикалық Сауль Альварес – көшбасшы әрі абсолютты әлем чемпионы.

Басқа салмақ санаттарында Қазақстан өкілдері жоқ.

The Ring нұсқасы бойынша, Pound-for-pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) жүйесінде үздік боксшы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усик.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға