Жаңалықтар

"Теректі әулие" петроглифтері туралы не білеміз?

"Теректі әулие" петроглифтері туралы не білеміз?
31.08.2021 12:37 10190

 

"Теректі әулие" петроглифтері Сарысу өзенінен 40 км сөлтүстік бағытта, Теректі мекенінен 20 км шамасында орналасқан. Тау сілемі сондай биік емес. Өнердің көне ескерткіштерінің қатарына Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Бетпақдала, солтүстік Балқаш, Маңғыстау, Ұлытау, Шынғыстау, Қаратау, Хантау, Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас тразораларда жиі кездесетін жерлер жатады. "Ұлытау-Нұра" өңірлерінің тарихи мәдени ескерткіштері" жинағына енген тарихи деректерге сүйене отырып, "Теректі әулие" петроглифтері мен Білеуті таңбалары сондай-ақ Таңбалы тас петроглифтері туралы мәлімет беруге тырыстық.

 

Қола дәуірінде, ертедегі көшпелілер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған. Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заманның суреттері көне петроглифтердің үстіне салу да жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда олардың жасы дәуірге тән белгілер мен сюжеттер және суреттер бояуы арқылы анықталады. Сурет неғұрлым көне болса, бояуы күңгірттене түседі. Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғаларлық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған трамюралары, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы – көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстап жеріндегі петроглифтердің барлық өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қалдырады. Ертедегі суретшілердің туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, сайғақ, елік, арқар, марал, ертедегі бұқа-тұр, барыс, қасқыр жабайы жылқы бейнелерін кездестіреміз. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертелегі шеберлер кос өркешті түйеніп тақтың тәкаппар кебегін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен са әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған. Әсіресе аншылық көріністері, жануарлардың арпалысы, батырларлың жыртқыштармен жекпе-жекіері бейнеленген гравюралар өте қызықты артастардағы суреттерден ертедегі малшылардың, темірқорыгушылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен деректер березін сызбаларды да көруге болады. Түйелі керуендер меш салт аттылар топтарын бейнеленген пегроглифтердін сюжеттері қазақтардын Желмая қайсы көне аңызымен үлдеседі (Ұлытау, Бұланты, Білеугі, Абыралы және басқалары).

 

Гравюраларды гранит, порфир, диорит, құмтас, сланец-филлит ән. Орындау техиникасында үш әдіс: нүктелеу, сызу, бояу қолданылған. Теректі тауларында көне заман өнерішіп тамаша ескерікіштері, ен ертедегі жартасқа салынған суреттер мен гравюралар кездесті. Бұл суреттер салыну әдісі мен сюжеттеріне қарағанда қола дәхірініі алдыңғы кезеңіне жататын сияқты. Ертедегі бұқа-тұр, жабайы жылқы әне басқа ла жануарлар нүктелеп қашау немесе жиектеп сызу әдісімен жасалған.

 

Гранит жартастың көлемді жарық жер бетіне суретші жыртқыш аңдардың айқасын, аңшылық, тұрмыс сахналарын бейнелеген. Теректі аңғары тек қана жартас суреттерімен ғана емес, ежелгі заманнан қалган палсолит заманының үңгірлерімен, қоныстарымен, жерлеу құрылыстарымен да белгілі.

 

Теректі үңгірінің төбесінде бұқа-тұрлар салынған. Әдеттегіше жартастардағы суреттерде бұқаның басын төмен салып, тыпыш тұрған күйі де бейнелентеп. Бұқаның басы, мықты мүйізі әжептәуір дәлдікпен салынған, денесінің мыгим келген кеудежағы жақсы көрсетілген.

 

Қола дәуірінде патриархалдық-рулық қоғамның дамуына байланысты петроглифтердің сюжеттері күрделене бастаган, Бұл уақыттағы лердің дами бастауы шаруашылықтың жаңа түрлерінің – металл өңдеудің, мал шаруашылығының, жер өңдеудің пайда болуына байланысты. Адамның темірмен тапысуы ең алдымен қоғамдық еңбектің бөлінуімен көрініп, дамуға әкелді. Бұл тасқа салыппан суреттер сюжеттерінің тақырыбына әсер еті. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі. Ұлытаудың оңтүстік батыс баурайында гранитті жартастарда көшпелі тұрмысты, түйелі керуенді (кейбірі жетілген), аг, түйе, шабандоздарды, жайылымдағы жылқы үйірін, сонымен қатар жабайы андарды: арқарларды, таутекелерді, құландарды тағы басқаларды анықтап көрсеткен нүктелі әдіспен қашалған петроглифтер бар.

 

Ертедегі адамның санасында Көк Тәңірге, күн мен айға, басқа да басым болған. Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни нанымдар, әдет-ғұрып сахналары - «Көкке табыну», «Күнге сиыну», «Көк Тәңірге жол тарту», «Құрбандық шалу салты» бар. Бір петроглиф ерекше таң қалдырады. Онда наным-сенімдік сахна бейнеленген: құрбандыққа шалынатын жылқылардың алдында аласұра билеп жүрген бақсы аспан құлайлары пішінділері мен билеп жүрген адамдардыц ортасында көрсетілген. Теректі әулие тауындағы петроглифтер ерекше қызық. Біз сюжеттерінде көшпелілердің діни сенімдері мен олардың өміріндегі әдеп-ғұрыптық сахналарын көреміз. Көшпелілерге тән ширақтық пен үздіксіз қозғалыс атпен тығыз байланыста. Ат адамның өмірінде ерекше орын алады, ол – жауынгерлік ерліктерінің серігі, ол – қауіп-қатерден алып шығып отыратын айнымас дос. Көшпендінің санасында ат күн сипатты асыл зат болумен қатар, дүниелікте серік, батырлық эпосының бізге жеткізгеніндей атты өзінің иесімен бірге көметін болғап: Күндіз - менің қанатымсың, Әлсек - көріміз де бір, Түнде – айырылмас дос, Тірі болсақ - тірлігіміз де бір.

 

Атты құрметтеуді, атқа табынуды, оның көшпелілер өмірінің табиғатына жан-жақты кірігіп кеткендігін, бізге эпикалық жырлармен қатар, алдыңғы жобаға салт атты мен ат жұбы шығатын жартасқа салынған сүреттер де жеткізеді. Ертедегі суретшілер аттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Сарыарқаның кеңістігіндегі петроглифтердегі ат суреттері ширақ қимылға толы.

 

Көшпелілер табынатын орынға адам табаны мен тұлпар тұяғының ізі түскен тастар да кездеседі. Әл-Бируни «қимақтар (қыпшақтар-авт.) елінде Манқұр тауында көлемі үлкеп қалқандай көл бар. Мұпдай құбылыс жайында Қазвини де жазған. Адам аяғының, түлпар тұяғының, түйе табанының іздері біздің замапымызға дейін Сарысу озепінде, Теректі Әулие сайында, Ұлытауда, Сармарқаның басқа да жерлерінде сақталған.

 

Күш-қуат пен биліктің айнасындай көрінген, тайпаның дінін де, жері мен жайылымының да жебеуші рухындай болған бөрі тотемі түркі-моңғолдардың ең күшті тотемі. Бөрі зауалды кезеңдердегі адамдардың қорғаушысы, қамқоршысы ретінде көрсеткен аңыз әңгімелер түркі тайпаларында сақтар, ғұндар, ежелгі үйсіндер замандарынан бері кең тараған.

 

Көне заман адамы бөріні өзінің тотемі етіп алған; оның түсінігінде қасқыр ең күшті, қауіпті, өзіне қамқоршы ретінде қажет болар және ата тегінің негіз: деп қажетсінуге мәжбүр ететін жаратылыс. Өзінің қасиеттерінің негізінде дәл осы бәрі – рулық фетишизм обтектісіне айналған. Қазақстанның далалы аймақтарында осындай бағыт-бағдар ерекше мағынаға ие болды.

 

Бөріге табыну ең алдымен скиф-сақтарда пайда болды. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеген сақ тайпалары бөрі тотемінің құрметіне арналған тойларда ат ойындарын ұйымдастырып, қатысушылары қасқыр бетпердемен, қасқыр терісін кигіп шығатын болған. Бұл дәстүр түркі-моңғол тайпаларында біздің заманымызға дейін сақталған. Қазақтарда, түрікмендерде, қырғыздарда бұл ойын көк бөрі (көкпар) атымен сақталған, қазақтарда бұл ойынның бір түрі қыз бөрі деп аталады. Бұл – көне сақтардың қасқыр бетпердемен, қасқыр терісімен ойнау дәстүрінің түрленуі.

 

Бөрілі басты тулар культтік қызмет атқарып, коне түркілердің санасыпда олар жебеуші аруақтың мекені, рулық-тайпаның бірліктің белгілері, «тайпа бірлігінің сыртқы белгісі және көсемнің осы бірлік мүшелеріне деген шексіз билігінің қасиетті аманаты болатын». Ұзын найзаның ұшына бекітілген ол соғыс майданында жауынгерлерге рух беріп, жеңіске жетелеген.

 

Қолындағы ұзын найзасының ұшына бөрінің басы бекітілген атты жауынгер бейнеленген петроглифтер көне түркі дәуірінің тарихи құжаты мәніне ис болады. Бұл дәстүрдің тууы ғұн дәуірінен бастау алады. Пегроглифтердегі бөрілі байрақ шаршы формалы көздеме түрінде жасалып, бір жағы найзаға бекітіліп, екіпті жағында екі не үш құйрық желбіреп тұрады.

 

«Оғыз-нама» эпикалық жырында Оғыз ханның Ит-Бараққа қарсы болып башқұрттарға жорыққа шығу суреттелген. Оған жолды қасқыр көрсетіп береді.

 

Тарих ғылымы, мәдениет пен өнер тарихы үшін Батыс Түрік қағанаты шеберлерінің қолынан шыққан қабырғаға салынған бөрі басы бейнеленген тулардың суретінің маңызы өте жоғары. Көп өрнектер VІ-VIII ғ.ғ. қалалар орнын қазу кезінде табылған. Өрнектердін сюжеттік құрылымы Жетісу петроглифтерінің сюжеттеріне жақын. Қасқыр бейнесінің көп таралғандығы көне қазақ тайпаларының құдіреттілігі мен бөрі тотемін құрмет тұтқанының белгісі. Құдіреттіліктің белгісіндей болған бөрі тотемі мыңдаған жылдар бойы сақтар, ғұндар, үйсіндер, түркілер табынған бейне болды.

 

   Білеуті таңбалары

 

Көне түркі дәуіріне жататын түйелі керуендер, салт аттылар, көшпелі ауылдар, көшпелілер өмірінің ең маңызды құралдарының бірі болған арбалар бейнеленген петроглифтер Ұлытау, Қаратау, Хантау, Кенелі (Балқаштың солтүстігінде), Тарбағатай тауларында сақталған. Күйме арбалар суреті салынған гравюралар көбіне Қазақстан, Моңғолия жерінде кездесіп, көшпелілер мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Осындай түйе жегілген күйме суреті салынған петроглифтің біреуі Бұланты өзенінің аңғарында, Байқоңыр көпірінен оңтүстікке қарай орналасқан.

 

Бөрілі байрақ ұстаған атты жауынгер-найзагерлер бейнеленген петроглифтер бізге көне түріктердің күші мен ерлік рухын жеткізеді. Көне түркі шеберлері соғыс сахналарын бейнеленгенде граниттің табиғи бедерлерін ұтымды пайдаланғандықтан петроглифтер өте әсерлі көрінеді.

 

Жартас гравюраларының үлкен тобы Бұланты өзенінің жартасты жағалауында орналасқан. Көптеген жануарлар суреттерінен, аңшылық сахнасынан тұратын ондаған метр жерге созылған петроглифтердің ішінде біреуі жетелеген түйелі керуенде бейнеленген, кейбір жануарлар тыныш күйде, бір бөлігі қозғалыс үстінде. Гранит жартастардың жарықшақ-тануынан пайда болған көптеген бұлақ, бастаулардың арқасында осы арада Бетпақдаланың негізгі оазистерінің бірі орналасқан. Жер асты суларының мол қоры мен ұланғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Орталық Қазақстанмен қатар Шу өзенінің орта ағысындағы аңғарлармен байланысқан бұл аудан көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған. Бетпақдаланың шығыс, оңтүстік шығыс аудандары көші-қон кезінде керуендердің өтуі, демалу орны болғанымен өзінің ескерткіштерінің ерекшеліктерімен де белгілі. Жамбыл және Майжарылған тауларының маңында ертедегі көшпенділердің қорғандары, осы маңда өмір сүрген тайпалардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұштастырғанын дәлелдейтін шағын су шығару құрылыстары бар.

 

Суреттер беті платинамен жабылған метаморфтық сланецке қашалған. Бұл көлемді қия жартас болып бітетін мірім «суреттас» деген атпен белгілі. Жабайы жануарлардың артында келе жатқан адам бейнелері, осы жерде найзамен қаруланған, бұқамен жекпе-жек айқасқан адамның суреті бар. Үшініші композицияда - арқарлар, беттің етек жағында – таутеке. Кейбір жануарлар қимылсыз, басқалары қозғалыста. Олардың бастары көбіне оң жаққа бұрылған. Сурет салудың техникасындағы дәлдік ертедегі суретшілердің шеберлігін көрсетеді.

 

Ұлытау өңірінде Бұланты өзенінің маңында алдында жүгіріп бара жатқан алып қасқыр, одан кейін үстіне адам мінген айғыр, артында түйелер тізілген керуен бейнеленген петроглифті кездестірдік. Бұлантыдағы жартас гравюралары сюжетттерінің әртүрлігімен және компазициялық құрлымыменен ерекшеленеді.

 

Таңбалы тас сыры

 

1428-1466 жылдары Орталық Азияда билік құрған қаһарлы Әбілқайыр /Шайбани тұқымынан/ ең алдымен өзбек ұлысының басшысы болды. Қазақ тарихи фольклорыныц деректеріне сүйенсек, «өзбек» алдымен «ноғайлы» атанған елдің саяси атауы ретінде көрініс береді. Қазақ тайпаларының өзі Шығыс деректерінде бүл кезде «өзбек-қазақ» атауымен белгілі. «Тоқсан екі баулы» өзбектің айрылуы ХV ғасырдың ортасында болған ауыр оқиғалардың салдары: көшпелілердің бір бөлігінің Мәуреннахр ауып көшіп, бір бөлігінің Моғолстан, бір бөлігінің Жайықтан асып көшуі. Тоқсан баулы өзбек саяси одағы ыдырауына байланысты Алаш ұранымен жүрген көшпелі ел қазақ өзбек, ноғай, қырғыз, т.б. атала бастады. Олай болса «Таңбалы тас» осынау аласапыран оқиғалардың куәсі.

 

«Тоқсан екі баулы» термині, алдымен, қыпшақ этносына қатысты кездеседі. Алтын Орда дәуірінде құрылған «өзбек одағы» кезінде қыпшақ аталған рулардан құралған.

 

«Таңбалы тасқа» назар аударган ғалымдардың ішінде академик Қ.Сәтбаевтың атын ерекше атап өту ләзім. Ол «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері» деген мақаласында /1941 ж./ аңыздарға сүйеніп қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы «Тапбалы тас оцірі деп атап корсетеді: «Народное предание гласит, что именно здесь, у ключа Тас-булак, происходило первое историческое совещание родов об организации новой народности «казах», решение которого будто бы зафиксировано на утесе родовыми энаками всех племен, участвовщих в совещании. Тот факт, что основной костяк новых обитателей казахской степи происходил с юга, т.е. из пределов Великого Могола, свидетеяьствует о некоторой исторической достоверности этого предания».

 

Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақаллар «Таңбалы тасты» осы Қ.Сәтбаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда, Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде, алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, Өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен. Қазақтың «Таңбалы тасты» түп тамырдағы Алаша хан атымен байланыстыруы да осы себепті деп ойлаймыз. Таңбалы тас туралы аңыздарға академик Ә.Марғұлан да көңіл қойған.

 

Қазақ тарихшыларының ішінде «Таңбалы тасқа» қатысты алғашқы ірі зерттеу жұмысын жүргізген ғалым аңыздарға сүйене отырып: «Бұл тасқа қазақтар әрқашан бас иіп, адамдар таңбасын түсіріп, аттарын жазып жүрген. «Таңбалы тастың» ұлы атаққа ие болуының себебі, бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, дейді,- Әлкей Хақанұлы «Таңбалы тас» аңыздары туралы там-тұмдап әр түрлі зерттеулерінде келтіріп жазып отырады. Ғалым «Таңбалы тас» бетіндегі өрнектердің негізін Орыс хан заманымен байланыстыруды жөн көрген сияқты. Осы тақырыпқа арналған мақаласында ол «Таңбалы тас» бетінде Орыс ханның, оның баласы Құйыршықтың, оның баласы Барақ ханның аты жазылғандығын, Қадырәлі Жалайырдың қазақ мемлекетінің тарихын Орыс ханнан бері бастайтындығын ерекше жарқын сипаттайды. «Таңбалы тас» бетіндегі «алты алаш» туралы жазуларды себеп қылып ғалым: «Бұл, ХІV-ХV ғасырлар ішінде жазылған тілек сөзді қазақтар әр уақыт оқып шығып «бұл жер қазақтардың бірігіп, ұран шақырып қосылған жері» деп аңызға айналдырғап. Ол аңыз халықтын ойында да, эпикалық жырында да кездесіп отырады. Бұл аңыздың негізгі түбі Алтын Орда мен Шағатай ұлысы тегісімен жойылыу, оған кірген халықтар жеке-жеке әкімшілік кұра бастаған кезі. Ең соңғы бөлініс – қазақ пен өзбектердің, ноғайлардың бірінен - бірі бөлініп шығуы. Бұл кез кыпшақ ұлысын, өзбек-қазақ елдерін бірте, қосып билеп отырган Әбілқайыр ханның кезі елі».

 

«Таңбалы тас» туралы аңыздардың бір нұсқалары көркем әдебиетте де көрініс береді 1. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» романында Әз Жәнібек хан тұсында қазақ руларының Нұраның Қаратұзына жиналып, үш жүздің жүйесін жасап, ел болуымыздың белгісі деп Асанқайғының ұйғарымымен, ақылымен таңба белгілегенін жазады.

 

Әбілқайырдан бөліне көшкен қазақ рулары Нұраның Қаратұзында Таңбалы нұра/ Барақұлы Жәнібекті ақ киізге салып хап көтерген екен делінеді романда. Осы жиынға қатысқан қазақтың қырық руы өз таңбаларын тас бетіне қашап салған делінеді. І.Есенберлин шығармасында сипаталған осы оқиға жобасы қазақ аңыздарына негізделетіні айтпай-ақ көркемдеу, бейнелеу болады.

 

Бетпақ дала ескерткіштеріне, керуен жолдарына, әр кезеңнің тарихи оқиғаларына қатысты аңыз-әңгімелер қазіргі өлкетанушылардың да еңбектерінде кездеседі. Солардын бірі С.Тәбірізұлының «Созақ өңірі» аталатын тарихи деректердегі құралған шығармасы. Автордың айтуынша «Таңбалы тастың» қазақ тарихи фольклорына түскен уақыты өте ерте заман: «Аңыз деректерінің айтылуына қарағанда, Той деген жерде Майқы би бастаған қазақтың үш жүзінін иті жақсылары жиналып, ұлан-асыр думанды той жасап, Асқазан деген жерде қазан астырып, шүлен таратылады. Кейін Нұраның Каратұзына барып үш жүздің таңбасын тасқа басып, бөліп берген» екен,- дейді. Осыдан былай Нұраның Қаратұзын «Тамғалынын тұзы», «Тамғалы Нұра», немесе «Тамғалы тас» деп атайтын болған.

 

Бұл деректерді әлі де тексере, зерттей түскен дұрыс. Егер «Таңбалы тасқа» Майқы бидің қатысы болды десек, онда өте ерте заман деп есептеуіміз керек. Қазақ «түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» дейді, онысы адамзат тілінің қалыптасуына да Майқы бидің әсері бар деген ишара. Қазақғың Алаша хап туралы аңыздарында Майқы би Алаша хапды тәрбиелен өсірген, батасын берген қария, ақсақал ретінде суреттеледі. Қалай десек те, Майқы бидің заманы-өте көне заман. Кейбір аңыздарда айтылып жүргендей не Шыңғысқа, не бергіші ел билеушілеріне Майқының қатысы жоқ.

 

Аңызда айтылатын «Той» деген жер – Шу өзенінің жағасында, белгілі өткел /Той өткел/. Бұл жер-орта ғасырларда Орталық Азия өңірінс белгілі Созақ шаһарына таяу. Қазақтардың оңтүстік пен солтүстік арасын жол қылған сауда керуендері Шуды бірнеше жерден кесіп өтеді. Егер Сарысу жолымен жүрсеңіз /Таңбалы тас жолы/, онда Шуды Бесқұлап өткелінен, ал Кендірлік жолымен жүрсеңіз /Кендірлік құдықтары арқылы/, онда жоғарыда айтылған Той өткелден өтесіз. Бұл-жағалауы қалыц қамыс, көкорай шалғын, шағын оазис. Бетпақ даладан қажып, шөлдеп-шалдығып өткен керуен асы жерде ес жинап, жан шақырады. Асқазан деген жер Кендірлік құдықтарынан Шуға қарай жақындағанда кездеседі. Бұл өзі қызықты жер-бір жағы жалпақ сор, жағалай тақыр, сордың дәл ортасыңда тұрған жалаңаш төбе. Шу мен екі орта жүз шақырымға жете қоймайды. Ал аңыздарда кездесетін Нұраның Қаратұзы қазіргі уақытта жиі айтыла қоймайды. Жертілікті жершіл ақсақалдар Бетпақтың «Таңбалы тасқа» таяу етегіпде жатқан үлкен сорды Таңбалының соры дейді, ол жап-жалпақ болып Таңбалы Нұрадан солтүстік-батысқа қарай кең алқапты алып жатыр. Көктем кезінде Таңбалының соры солтүстікке қарай орналасқан Дабысын түзбен қосылып, Сарысу мен Таңбалы Нұра арасындағы кең алқапты тұтас жауып жатады. Бетпақтың қырына шыққанда алыстан аппақ болып, көзге шағылысып жатқан Таңбалының соры жақындай келе борпылдақ тұз сіңген балшыққа айналады. Көктемде сордың ортасында айнакөлдей болып қақ тұрып қалғанын көресіз, бірақ не ұшқан құс, не жүгірген аң, не, тіпті, ызыңдаған маса, жыбырлаған құрт-құмырсқаны бұл маңнан көре алмайсыз. Осы Таңбалының тұзы ерте кездерде көшпелі елге қызмет жасағанға ұқсайды. Таза болмаса да, әйтеуір, астың дәмін келтіреді деп осы қара тұзды ел пайдаланған болса керек. Таңбалының тұзын қазақтар асқа пайдаланады деген деректі Ю.Шмидт жазады.

 

Дыбысын қалмақ тілінде «тұз» деген мағынаны білдіреді. «Таңбалы тас» маңынан қалмақ топонимдері сирек кездеседі, олардың да көпшілігі ХVII - ХVIIIғғ. оқиғаларына байланысты айтылатын қазақ аңыздарынан қалған елес, әзірше, осы. Бұл қысқа деректердің озі Таңбалы тастың көне замандардан бері халқымыздың саяси орталығы, Ту тіккен жері, тәуелсіздігінің түп белгісі екенін көрсетеді. Бабаларымыз сонау есте жоқ ерте кезең Алаша хан заманынан бастап, «Таңбалы тасты» қасиетті қара шаңырақ санап, тәуеслсіздікке, еркіндікке ұмтылған рухының белгісін таңбалар арқылы қалдырып отырғаны аңыз-шежірелерде сайрап жатыр.

 

«Таңбалы тас» ескерткіші арнайы аталмаса да, оның маңындағы жерлер, көне дүниенің жәдігерліктері, көш-керуен жолдары шығыстың саяхатшылары мен көпестерінің, атақты жиһангер патшаларының тарихында бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға