Жаңалықтар

Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
Фото: ktf.kz 03.04.2023 14:09 824

Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын, Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға