Astana Media Week - 2022 медиа апталығының аясында "Сериал индустриясының жаңа кезеңі" атты панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма басшысы Ләззат Тынысбай айтқандай, соңғы екі жылда ұлттық арна 11 тарихи сериал түсірді. Бірнеше жыл бұрын тарихи кино түсіретін отандық бірнеше ғана компания болса, қазір 50-ге жуық. Мұның артында киноиндустрия өндірісіне қажетті сценаристер, киносыншылар, режиссер шоғыры қалыптасты.
"Хабар агенттігі" АО Басқарма төрағасы Берік Уәлидың айтуынша, отандық теленарықта алғашқы сериал "Перекресток" болды. Ол 465 сериалмен шықты. "Биыл 6 сериал ұсынамыз. Тарихи сюжетке кұрылған "Мәншүк" 16 желтоқсанда экрандалады", - деді Берік Уәли.
31 арнаның Бас директоры Кұрманбек Жұмағали: "Эфирдің 60-70 пайызы көркем фильмдер. 1 желтоқсанда"Алтын адам" операциясы экранға шығады. Жеке арна болғандықтан салынған қаржыны кері қайтару маңызды", - деді.
"Ақжауын" сериалының продюсоры Айкерім Самалбекқызы рейтингтік сериал түсірудің сырына тоқталса, телепродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова саладағы негізгі мәселелерді айтты.
Бүгінде Қазақстанда киноиндустрия дамыды, көрермендердің сериал көру мәдениеті калыптасты. Телеарналардың көрілімін арттыру, 10 жылдан кейінгі аудитория кім болады – жастар ма, әлде егде адамдар ма? Бұл тақырыптар да назардан тыс қалмады.
Телесериал – идеология құралы
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?