Жаңалықтар

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

Отандық телеиндустрияның үздіктері марапатталды
08.12.2014 03:23 10533

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизилиялық маусымының «Жыл таңдауы» («Выбор года») конкурсының жеңімпаздарын атады. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанада «Хилтон» Отелінде өтті. «ТНС Централ Азия» компаниясының зерттеуі негізінде 16 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

«Үздік актер» – Азамат Сатыбалды (Қара шаңырақ).

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

"Қара шаңырақ" телехикаясының шығармашылық ұжымы.

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

«Телехикаяға арналған үздік саундтрек» – «Көк тарландары»,  «MG Production»     кинокомпаниясы.

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

«Үздік тележүргізуші» – «Айтуға оңай» бағдарламасының продюсері және жүргізушісі  Бейсен Құранбек.

«Үздік телехикая» – «Сырғалым»,  «Көркемфильм», Продюсері Илхам Джалилов.

«Үздік актриса» – Жұлдыз Маханова (Сырғалым).

«Үздік портреттік - публицистиқалык деректi фильм» – «Келбет», Продюсері Жаныл Асылбекова.

«Үздік ақпараттық-сараптамалық  бағдарлама» – «Жаңалықтар», АБД Бас редакторы  - Құрманбек Қазанбасов

«Үздік қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ток-шоу» – «Әйел бақыты», Жүргізушісі –Ляйля Сұлтанқызы.

«Үздік мәдени-тарихи бағдарлама» – «Менің Қазақстаным», продюсері Элла Андреевна Цой.

Телеиндустрияның үздіктері анықталды!

«Үздік қоғамдық-танымды бағдарлама» – «Сенбілік таң», Жоба жетекшісі және жүргізушісі Гульмира Дайрабай.

«Үздік музыкалық – ойын-сауық  бағдарлама» – «Әзіл Әлемі», Жоба жетекшісі және жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов.

«Үздік кешкі жоба» – «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев», Жоба жетекшісі және жүргізушісі  Нұрлан Қоянбаев.

«Үздік бейнеролик» – «Vito cinema» ЖШС, бас директоры  Жеңіс Тұматаев.

«Үздік радио жоба» – «Радио России» директоры Вячеслав Владленович Умановский, «Қазақ радиосының» директоры Махат  Садық.

«Үздік спорт комментаторы» –  Ермек Төрениязов.

«Балаларға арналған үздік бағдарлама»  –  «Балапан және оның достары», «Ырысы ақ Қазақстан» ЖШС директоры Ескендір Рысақов.


Әзірлеген – Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға