Жаңалықтар

Текеліде полиция қызметкері мас жүргізушіні тоқтату үшін тапанша қолданған

Текеліде полиция қызметкері мас жүргізушіні тоқтату үшін тапанша қолданған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 04.06.2023 07:03 658

Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, аталған факт Текелі қаласында тіркелді. 3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады. Жапондық шетелдік көлікті 24 жастағы ер адам мас күйде басқарған. Оны тоқтату үшін тіпті тапаншадан оқ атуға тура келген.

Көлік жүргізушісі тоқтау талабына бағынбай, үлкен жылдамдықпен жасырынуға тырысты. Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, құқық бұзушыны тоқтатуға мәжбүр етті, - делінген мәліметте.

Ұсталған адам мас күйде көлік басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға