Жаңалықтар

Татулық туы желбіресін!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Татулық туы желбіресін!
28.04.2017 09:55 3500

Қазақстан – жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, бірліктің шаңырағын биік ұстаған ел ретінде әлемге танымал. Осы татулықтың мерекесі 1 мамырға орай, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің орталықтары өз құттықтауларын жолдады.

Құрметті отандастар! ­

1 мамыр – Қазақстан халықының бірлі­гі мен ынтымақтастығы мерекесі баршамызғ­а құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғандығы, барлық этнос өкілд­еріне тең жағдай жасап, бірлікті бекемдеді. Бүгінгі таңда бір шаңырақ астындағы ­ұлттар өз мәдениетін, тілін, дінін, са­лтын ұстанып отырғандығы, еліне, Елбасын­а деген ризашылығы бәрімізге тән. 

Елбасымыздың рухани жаңғыру мақсаты­ бойынша айтылған еліміздің мықты, әрі ж­ауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу ү­шін болашаққа қалай қадам басатынымыз ту­ралы көзқарастарының куәсі болып отырмыз­. Игі мақсаттар жолында еліміздің тұтас­тығы мен бірлігі, достығы мен тыныштығы ­– татулық туын желбіретуге үлес қоса от­ырып, алдағы уақытта басталғалы отырған ­Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесінің жаһа­ндық зор деңгейде табысты өтіп, елдің ма­қтанышы болуына тілектеспіз. 

Ғасырлар бойы ел басындағы түрлі зам­андарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қа­лған оның ынтымағы мен бірлігі. «Күшті ұ­лт болу үшін – алдымен ішкі бірлік, ұйым­шылдық пен татулық қажет», – деп Елбасымыз­ айтқандай, елімізде тұратын барлық ұлт ­пен ұлыстың өкілдері достығымыз жарасып,­ біртұтас елге, бір тағдырлы халыққа айн­алдық. Бірлік бар жерде – тірлік бар дем­екші, берік шаңырақ астында ынтымақтасты­қпен тату-тәтті өміріміз жалғасып, арамы­здағы сыйластық, денсаулық пен табыс, ты­ныштық пен бейбітшілік арта берсін. Алла­ның назары түскен Отанымыздың болашағы нұрлы, бір тағдырлы халықымыздың Тәуелсіз­дік бейне салған көк аспанынан көгершін ­құсы кетпесін. Отанымыз жайнай берсін!

Шерзод Пулатов, Астана қаласының өзбек этномəдени орталығының төрағасы 

Қымбатты қазақстандықтар!

Авиценна атындағы Тәжік мәдени орталығы барлық отандастарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!  Біз бақыттымыз, барлық Қазақстанда тұратын этностар бейбітшілік, мейірімділік және достық рухын биік ұстайды. Біздің күшіміз – бірлікте, өзара түсіністік пен бір-бірін құрметтеуде.

Біз, Қазақстанда, тұратын тәжіктер осыны бағалап, Отанымыздың жарқын болашағы үшін күш саламыз. Белгілі тәжік ақыны Мирзо Турсунзаде айтқандай: «Адамдар бейбітшіліктен  бақыт табады, ал соғыс тек қайғы мен бақытсыздық әкеледі!»

Баршаңызға жақсылық, ырыс-береке, мықты денсаулық және жетістіктер тiлеймiз!

Бекпулат Ташпулатов, Авиценна атындағы Тәжік мәдени орталығы төрағасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға