Жаңалықтар

Тарихта болмаған жайт: Англия премьер-лигасы трансферге $1,54 млрд жұмсады

Англия премьер-лигасы
05.09.2016 10:57 2409

Футболдан жазғы трансферлік науқанға Англия премьер-лигасы рекордтық  қаражат жұмсады.

Тарихта болмаған жайт: Англия премьер-лигасы трансферге  $1,54 млрд жұмсады

Қаражат мөлшерінің күрт өсуіне телеарналармен 5 млрд фунтқа жасалған үш жылдық келісім-шарт себеп болып отыр.  Демек, әлем жұртшылығының бұл чемпионатқа деген қызығушылығы — жарық жұлдыздар мен білікті бапкерлерді алуға көмектесті.

Телеарналармен жасалған келісім-шарттан примьер-лига жоғарғы дивизиондағы клубтарға 30-50 миллионнан қаржы бөлді.

Бұрын сонды болмаған үлкен шығынның тағы бір себебін — жаңа бапкерлердің келуімен түсіндіруге болады. Мысалы: испаниялық Пеп Гвардиолла жаңадан ауысқан «Манчестер Сити» клубын толығымен өзгертіп жатыр.  Сондай-ақ, «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Ливирпуль» командаларында бапкерлер ауысты.

Ал ойыншылардың ішінде бұл науқанда ең қымбат трансфер — Поль Погбаның «Ювентус» клубынан «Манчестер Юнайтед» командасына қайта ауысуы. Трансфер мөлшері 115 миллион долларды құрады. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға