Жаңалықтар

Тарихта болған репрессия мен қолдан жасалған ашаршылық геноцид пе?

Тарихта болған репрессия мен қолдан жасалған ашаршылық геноцид пе?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 31.05.2023 14:15 641

Мәжіліс депутаттары осы сұраққа жауап беріп, өз пікірлерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылы 24 қарашада Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын.

Бұл комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру болды.

Комиссияның құрылғанының өзі үлкен қадам. Білім министрлігінде жұмыс істеп жүргенімде комиссияның органы ретінде қатысып, құжаттармен таныстым. Комиссия архивтен табылған жаңа құжаттардың барлығын қамтыды. Ол жерден елімізде қаншалықты қиын жағдай болғанын, ойдан шығарылған әртүрлі себептермен қазақтың ұлы тұлғаларын ату жазасына тартқанын көрдік. Осы мәселені соңына дейін жүргізіп, комиссия шешімін күтуіміз керек. Бұл мәселеге тарихи тұрғыда қарауымыз керек. Бұл мәселеге кім қатысқанын, репрессия жөніндегі шешімді кім қабылдады, бұл қандай және кімнің тарапынан болған саясат екенін қазіргі таңда комиссия мүшелері архивтегі құжаттармен зерттеп, ақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев та бұл мәселе жөнінде пікірін білдірді.

Егер қазақтарға қолдан жасалған ашаршылық болса, егер де полигонда атом бомбасын қолданып және ол Қазақстанда арнайы өткізілген болса, әрине, ол – геноцид, - дейді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға