Жаңалықтар

Таразда "жарылғыш зат" қойылды деген колледж тексерілді

Колледж қызметкерлері, студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілген
Таразда "жарылғыш зат" қойылды деген колледж тексерілді
Фото: baq.kz 22.11.2022 02:38 1353

Тараз қаласының полиция басқармасына "Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне жарылғыш зат қойылды" деген ақпарат келіп түскен. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады, деп жазады El.kz ақапараттық агенттігі Жамбыл облысы полиция департаментiнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"2022 жылдың 21 қарашасында Тараз қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы Telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келген. Шақырту орнына жедел түрде полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, колледж қызметкерлері, студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілген.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға