Таразда рөлге ие бола алмаған қоғамдық автобус жүргізушісі үш көлікті соқты
05.03.2024 23:03
Фото:
Видеодан кадр
Таразда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш көлікті соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 5 наурызда болған. Полиция хабарлауынша, Абай даңғылынан Фурманов көшесі бағытына кетіп бара жатқан жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Nissan 350Z», «Kia Rio» маркалы автокөліктерін соғып өтіп, мектептің автотұрағында тұрған «Toyota Highlander» көлігін соққан.
Автотұрақта тұрған көлік жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- Алматы-Өскемен трассасында жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шекті
- Алматыда жолаушылар мінген автобус бетон тірекке соғылды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

