Жаңалықтар

Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды
Фото: polisia.kz 08.12.2022 15:14 875

Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Тараз қалалық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аумақты тексеру жұмыстары барысында қозғалыстары күдікті екі көлік тоқтатылды.

Ереже бұзған 26 және 28 жастағы жүргізушілердiң медициналық сараптама қортындысына сәйкес, iшiмдiк iшкенi расталды. Автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға