Жаңалықтар

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

Әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдалана отырып, олардың түсіне назар аудардыңыз ба?
24.06.2014 08:52 10265

Әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдалана отырып, олардың түсіне назар аудардыңыз ба? Егер назар аударсаңыз, ойыңызға ешқандай сұрақ келмеді ме?

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

Шындығында әлеуметтік желілер ішіндегі алпауыт компаниялар (Facebook, Twitter, Linkedin, Vkontakte, Instagramm, Mail.ru) негізінен , бір түсті пайдаланады және ол – көк түс. 

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

Ең алдымен заттың түсі адамға қалай әсер ететініне тоқталайық.

Ғылымның дәлелдеуі бойынша, ақпаратты қабылдау формасының ең тиімді түрі – көзбен көру. Тауар түрін таңдаған кезде шешімнің 90% визуалды қабылдауға байланысты. Яғни ең алдымен сіз оның түсіне назар аударасыз. Осыдан барып, маркетинг саласында түстің қаншалықты рөл ойнайтынын түсіне берсеңіз болады. Мәселен, ашық қызыл түсті көлікті көбіне ер адамдар ұнатпайды. Ал олар - көлік нарығындағы ең негізгі сатып алушы (әрине соңғы уақытта көлік жүргізетін нәзік жандылар да көбейіп келеді, дегенмен). Сол себепті көлік шығарушы компания қызыл түсті мәшинелерінің санына біршама шектеу қояды.

Брендті тек түсі бойынша ажырата аласыз ба?

№1 мысал

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

№2 мысал

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

№3 мысал

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

№4 мысал

Танымал әлеуметтік желілер неліктен көк түсті?

Youtube дизайнері Марк Хемеон дайындаған мына керемет мысалдар, кейбір танымал брендтердің белгілі бір түспен немесе түстер үйлесімімен есте қалатындығын көрсетеді.

Неліктен көк түс?

Көк түс – ең алдымен зияткерлік пен ақылдың түсі. Шексіз ақпарат ағымы аясында көк түс коммуникация үшін, әсіресе әлеуметтік желілерде, өте қолайлы.

Сондай-ақ, көк түс адамға сенімділік, тәуелділік, қауіпсіздік сезімін береді. Сол себепті, көк түс бизнес үшін де өте танымал.

Егер байқасаңыз, әлемде ең көп таралған да дәл осы түс: мұхит, теңіз, өзен-көл, аспан.

Көк түс бейбітшілікпен және тыныштықпен сипаттала отырып, адамның саналы және бейсаналы деңгейде демалуына жол ашады. Ол депрессияны басып, тыныштық, рахаттану сезімін сыйлайды. Біз көк суға немесе аспанға қарағанда жүрегіміздің соғысы бәсеңдеп, тынысымыз кеңейіп, миымыздың жұмысы өз қалпына келеді.

Қызықты факт

Көк түс көптеген мемлекеттердің туында негізгі түс: Қазақстан, Аргентина, Грекия, Шотландия, Финляндия, Гватемалла, Гондурас, Израиль, Микронезия, Никарагуа, Сомали, Уругвай, Косово, Эстония, Палау, Украина, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландия, Либерия, Италия және т.б.

Қорытынды

Әлеуметтік желілерді адамдар таңнан кешке дейін пайдаланады, сол себепті оның түсі адамды ұзақ уақыт бойы жалықтырмауы тиіс және осы талапқа дәл көк түс дәл келеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға