Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті.
Қаралы хабарды тележүргізуші Санди Сұлтан Instagram парақшасында жеткізді.
Санди Сұлтан Индира Жылқайдаровамен «7 арнада» бірге қызмет еткенін айтып, әріптесін мейірімді, ашық-жарқын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіби маман ретінде еске алды.
Индира Жылқайдарова журналистика саласында ұзақ жыл еңбек етті. Кәсіби жолының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» өтті. Сондай-ақ бірнеше жыл парламенттік журналистика бағытында жұмыс істеп, Мәжіліс депутаттарының қызметі мен заң шығару үдерісі жайлы жазды.
Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.