Талдықорғанда мешітте төбелесіп, имамды соққыға жыққан деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дін қызметкері мен келушілердің бірі арасындағы оқиға маусым айының басында болған. Діни рәсім кезінде исламның дәстүрлі емес бағытын ұстанатын бір топ ер адам имамға кедергі келтіріп, бірнеше рет ескерту алған.
Осыдан кейін имам мен тәртіп бұзушылардың бірі ерегісіп, ер адам дін қызметкерін соққыға жыққан.
Имам дәрігерлер мен полицейлердің көмегіне жүгінді.
Тәртіп сақшылары 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылды.
Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам жеті тәулікке қамауға алынды. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.
Талдықорған мешітінде имамды соққыға жықты
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?