Жаңалықтар

Талантты қазақ музыканттарының жаңа толқыны

Жас әншілердің қатысуымен 21 қазан күні «Астана Опера» театрында «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді.
19.10.2016 10:34 3967

Талантты қазақ музыканттарының жаңа толқыны – Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаевтардың есімі шетелде кең танылған. Жас әншілердің қатысуымен 21 қазан күні «Астана Опера» театрында «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді. Бұл туралы  «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Талантты қазақ музыканттарының жаңа толқыны

Кеште қала қонақтары мен тұрғындары дарынды музыканттардың шығармашылығын тамашалай алады.

100-ге жуық шығарма авторы Рахат-Би Әбдісағин 17 жаста. Кештің мазмұнды бағдарламасына Рахат-Би Әбдісағиннің Алмания, Венгрия, Австрия және тағы басқа елдердің көрерменін таң қалдырған тың шығармалары енгізілді. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel». Ш. Айтматовтың аттас әңгімесі желісінде жазылған – фортепианоға арналған «Rondine Piangente» («Жыл құсының жылауы»).

Концерттің әрбір шақырылған қатысушысы жас болса да, біраз жетістікке жетіп үлгерген. Мәселен, баритон Азат Мәлік таяуда ғана беделді байқау – Ева Мартонның II халықаралық опера орындаушылары конкурсының дипломанты және бірнеше арнайы сыйлық иегері атанды. Нәтижесінде әнші Ла Скала театры жанындағы Академияда шеберлік сабағынан, тәжірибеден өтеді. Және Венгрияның Мишколь қаласында өтетін Бартоктың опералық фестиваліне қатысады (2017- 2018 маусым).

- Біздің қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың заманауи музыканың жаңа қырын ашып, осы стильде өздерін таба білгені қатты қуантады. Көрерменді бұл шығармалардың мәнін түсініп, қызық үйлесім тапқан бояуларды тыңдап, музыкалық бейнелеу арқылы  шығарманың терең идеялық мазмұнын сезіну мүмкіндігі күтіп тұр, - дейді музыка танушы Маржан Жәкенова.  

Рахат-Би Әбдісағиннің музыкасын Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), Айдар Фазылов (вибрафон) орындайды. Фортепиано партиясында - Раушан Бескемпірова.  

Рахат-Би Әбдісағин – композитор, пианист. 2016 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының бакалавриатын үздік тәмамдады. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнер университетінің 1 курс магистранты. Ол «Астана-Мерей» халықаралық байқауының «Композиция» номинациясы бойынша Бас жүлде (2012 ж.) және «Шабыт», Спендияров атындағы ІІІ халықаралық композиторлар байқауының 1 жүлде (Ялта, 2013 ж.), сондай-ақ, Президент кубогының иегері (Астана, 2014 ж.).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға