Жаңалықтар

Таиландта тағы бір қазақстандық көз жұмды

Таиландта тағы бір қазақстандық көз жұмды
Фото: El.kz 05.06.2023 17:11 888

СІМ Таиландта көз жұмған жігіт туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1 маусым күні Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматы ауруханада түскені туралы хабар келіп жеткен. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Біздің азаматымыз кеше кешке көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Біз жас ағза болған соң тірі қала ма деп үміттендік. Өкінішке қарай, көз жұмды. Осыдан екі күн бұрын әке-шешесі Пхукетке ұшып кетті. Көз жұмған жігіттің әпкесі Қазақстанға алып кеткісі келген. Таиланд дәрігерлері бұған қарсы болды. Өйткені оның денсаулығына қатысты көрсеткіштері ауыр болды, - деді ол.

Смадияров бұдан бөлек тағы бір қазақстандықтың суға батып кеткенін айтты. 

3 маусым күні тағы бір азаматымыз Тайландта суға батып кетті, - деді ол.

Сондай-ақ олардың денелерін Қазақстанға жеткізу бойынша авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Айбек Смадияровтың сөзінше, олардың денелерін елге жеткізу шығындарын жақындары көтереді.

Сондай-ақ ол ресми расталмаған ақпарат көздеріне сәйкес, көз жұмған жігіт өзінің қызын құтқармақ болып суға секіргенін айтты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қазақстандықтарды суға түсуге тыйым салынған уақытта ережені сақтауға шақырды.

Таиланд полицейлері ұсынған статистикаға сәйкес, ТМД-дан келгендер көбіне тыйым салынған уақытта суға түсіп, қайғылы жағдайға ұшырап жатады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға