Тағы бір қазақстандық боксшы әлем чемпионатын аяқтады
04.05.2023 16:39
Фото:
Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі әлем чемпионатының үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/16 финалда Санатәлі (63,5 кг) маврикийлік Ришарно Луи Колинмен кездесіп, қарсыласына жол берді.
Біріншіліктің келесі айналымында 35 жастағы африкалық Өзбекстан атынан өнер көрсететін қазақ Руслан Абдуллаевпен жұдырық түйістіреді.
Бұған дейін 60 кг салмақта Талғат Сырымбетов те жарысты аяқтаған.
Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті.
Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

