Жаңалықтар

Түркістандық ҚХА мүшелері денсаулық сақтау ісіне қолдау білдіруде

Қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр
Түркістандық ҚХА мүшелері денсаулық сақтау ісіне қолдау білдіруде
17.07.2020 14:27 2163

Елімізге енген індеттің бүгінде асқынып тұрғаны белгілі. Бұл ретте Түркістан облысындағы этномәдени бірлестік төрағалары мен ерікті жастар бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, белсенділік танытып жатыр.

Барлығының көздегені - ауырып жатқан жандарға жанашыр болу. Облыстағы кәсіпкерлермен бірлесе жүзеге асып жатқан сауапты бастамалар бүгінде бірнеше жанның өміріне араша бола білді. Игі істің басы-қасында жүргендер әлі де тауы шағылып, қолдау қажет етіп отырғандарға демеу білдіруде. Ел басына осынадй қиын-қыстау туған көбі медициналық тұрғыдан берілетін көмекке зәру болып жатқаны анық. Осыны ескерген түркістандық этнос өкілердерінің еңбегін айтпай кетпеуге болмас.

Түркістандық ҚХА мүшелері денсаулық сақтау ісіне қолдау білдіруде

Түркістандағы «Үлес» қайырымдылық қоры пневмония індетінің асқынып тұрған кезеңінде бірнеше отбасыға барып, жалғызбасты науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтасыз етті. Одан бөлек ірі қара малдарды сойып, палау басып, ауруханалар мен сырқаттанып жатқан отбасыларға таратқан еді.

Облыстағы ерікті жастар да қиын кезеңде бей-жай қарап отырмайтындықтарын көрсетті. Түркістан облысы түрік этномәдени бірлестігінің еріктілері Сайрам ауданындағы ауруханада жатқан науқастарға көмек көрсетті. Олар сол аудандағы ақ халатты абзал жандардың жанынан табылып, медициналық тұрғыдан да жәрдем еткені тағы бар. 

Сайрамда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, жеке кəсіпкер Нишанкулов Бадриддин өз қаржысына «САПА» клиникасына 2 дана «Бобров» аппаратын алып берді. Сонымен қатар, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, еріктілер тобының жетекшісі Хасантаев Бобуржонның бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер өзге де қалталы азаматтармен бірлесіп, "САПА" клиникасына 3,5 млн қаржы көлемінде 15 дана, Қарабұлақ ауылдық ауруханасына 8 дана, бір мезгілде 2 адам тыныстай алатын медициналық тыныс алу құрылғысын, 1,5 млн көлеміндегі қалған қаржыға аурухананы азық-түлікпен қамтамасыз етті.

 Түркістандық ҚХА мүшелері денсаулық сақтау ісіне қолдау білдіруде

Кентау шахары да игілікті істі жалғап келеді. Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Б.Хабибовтың бастамасымен ауылдың еріктілері, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындарының қолдауымен Қарнақ ауылдық ауруханасына қайырымдылық ретінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауруханаға 35 орынға арнап жатын орны, көрпе төсегі жеткізілді. 2000 бетперде, қолғап, натрий хлориді ерітіндісі, антисептик құралдары табысталды. Ренген аппараты тұратын арнайы бөлмеге еріктілер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ренген аппараты, дене қысымын өлшейтін аппараттарға тапсырыс берілді. Тапшы болып отырған медициналық заттар жақын күндері Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілетін болады.

Осындай қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған этнос өкілдері қайырымыдылық шараларын індетті жеңгенше жалғастырамыз деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға