Жаңалықтар

Суды тұтыну бойынша нені білу керек?

Денсаулық сақтау министрлігінен пайдалы кеңестер
Суды тұтыну бойынша нені білу керек?
Фото: pixabay 08.01.2023 17:10 1809

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі суды тұтынудың бірнеше ережелерін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Таза судың ағзаға тигізетін пайдасы туралы іс жүзінде бәріміз де білеміз, бірақ әркім әртүрлі алмастырғыштарды таба отырып, суды тұтыну нормасын ұстанбайды.

Су ағзадағы қоректік заттарды тасымалдайды және токсиндерді кетіреді, дене температурасын реттейді, майлау рөлін атқарады және буындарды шамадан тыс жүктемеден қорғайды. Ол біздің денеміздегі көптеген химиялық реакцияларға қатысады.

Сонымен, күні бойы қанша су ішу керек? Ересек адам тіпті қозғалмаса да тыныс алу, тағамды қорыту және терлеу арқылы күніне орта есеппен 1,5 -тен 2 литрге дейін су жоғалтады. Осы 1,5-2 литр судың орнын толтыру керек. Ыстық климаты бар өңірлердің спортшылары мен тұрғындары сусызданудан аулақ болу үшін одан да көп су тұтынуы керек.

Ғылыми ұйымдардың жалпы ұсыныстарына сәйкес дені сау ересек адамға дене салмағының әр килограмына күніне шамамен 35 мл су қажет.

Салмағы 50 кг адам үшін күн сайын 1,7 л, 60 кг - 2,1 л, 70 кг - 2,4 л, 80 кг -2,8 л су қажет.

Негізгі ереже: салмағы неғұрлым көп болса, соғұрлым көп су ішу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға