Жаңалықтар

Су добынан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Су добынан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК 04.04.2023 14:49 777

Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Мәдениет және спорт министрі ұлттық құраманы құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. 

Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен жаттықтырушылар штабын да құттықтаймын. Қазақстанда су добы спортының әлеуеті зор және Мәдениет және спорт министрлігі елімізде осы спорт түрін одан әрі дамыту үшін жұмыс жүргізетін болады, - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға