Жаңалықтар

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 18.08.2023 11:44 724

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның дерегінше, 17 тамыз сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана — Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті.

Астана қаласының тұрғындары, Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға