
СҚО-да өртке қарсы жаңа құрылым ашылды
06.07.2025 20:18
2497
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында толық байланыс пен техникасы бар жаңа ерікті өртке қарсы құрылым ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірге қарасты Шал ақын ауданының Мерген ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында заманауи байланыспен жабдықталған өңірдегі алғашқы ерікті өртке қарсы құралым ашылды.
Құралым «Гермес Агро» ЖШС базасында орналасқан. Еріктілердің иелігінде — АЦ-8-40 өрт автоцистернасы, мотопомпа, ауа үрлегіштер, рюкзак бүріккіштер, қорғаныш экипировкасы бар. Қажетті жағдай жасалған: жылытылатын гараж, тұрмыстық үй-жайлар, автономды сумен жабдықтау.
Ауыл құтқарушылары бағдарламасы - бұл шалғайдағы елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Біз тіпті ең шалғай ауылдарға да жылдам және кәсіби көмек көрсетуге жағдай жасаймыз, - деп вице-министр Батырбек Әбдішев атап өтті.