Жаңалықтар

СҚО-да бірнеше ауылда ауыз су бағасы төмендеді

СҚО-да бірнеше ауылда ауыз су бағасы төмендеді
Фото: © Pixabay.com 13.08.2023 15:28 524

Солтүстік Қазақстан облысындағы онға тарта ауылда ауыз су бағасы алты есеге дейін арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанның солтүстігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексергеннен кейін ауыз су тарифі айтарлықтай төмендеп отыр. Өңірдегі ауылдардың бірінде судың бір текше метрі үшін тариф 1000 теңгеден 175 теңгеге дейін арзандаған.  

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перовтың аймақтағы 50 ауылда сумен жабдықтау тарифі 16-87%-ға төмендегенін мәлімдеді. 

Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты 20 елді мекенде су тарифі орташа есеппен 150 теңгеге арзандаған. Бұған дейін ауданда облыс бойынша ең жоғары тариф (Қарақоға ауылында – 375 теңге, Чистое ауылында – 375 теңге, Хлебороб ауылында – 400 теңге) болған. Қызылжар ауданы Асаново ауылында бір текше метр суға 1000 теңге көлемінде тариф бекітілген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тексерісінен кейін Булаев топтық су құбырынан тарату желісін тарту бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде тариф 6 есеге жуық төмендеп, текше метр су бағасы 175 теңгені құрады.

Біздің ұсынысымыз бойынша облыс әкімі табиғи монополиялар субъектілерін тікелей субсидиялау арқылы "Бір ауыл – бір тариф" пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Бұл облыс тұрғындарының ауыз суға тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді, - дейді С.Перов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға