Жаңалықтар

Сот жүйесінде IT сервисті қолдану мәртебесі бойынша Қазақстан төртінші орында – Асламбек Мерғалиев

Сот жүйесінде IT сервисті қолдану мәртебесі бойынша Қазақстан төртінші орында – Асламбек Мерғалиев
Фото: sud.gov.kz 19.05.2023 13:47 869

Елордада «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі жасанды интеллект және үлкен деректер (Big Data): шындық және уақыт талабы» атты халықаралық конференция өтті. Онда еліміздегі әділетті соттың электронды жүйелендіру жөнінде талқылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Конференцияда Қазақстан мен шет мемлекеттердің мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары, ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері әділетті цифрлық сот жүйесінің маңызын талқылады.

«Пандемия сот отырысының жұмысын онлайн форматқа көшуіне өзіндік ықпалын тигізді.  Сол уақыттарда тез арада сот отырысына қатысушы мен сот жұмысының ашық және қауіпсіз өтуін камтамасыз ету маңызды болды. Алғашқы кезеңдердің өзінде сот отырысындағы жаңа техника мен IT сервис бағыты дамыды.  Барлық сот орындарында онлайн мобильді қосымшалар мен камералар орналастырылды. Бұл мүмкіндіктердің барлығы соттың дистанциондық форматқа ауысуына ықпалын тигізді. Қазіргі таңда сот отырысына кіруге тыйымдар салынып жатқан жоқ, дегенмен онлайн көрсетілімдер әлі де сұраныста қалды», - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев.

Әділ сот жүйесін жүргізетін ел ретінде Қазақстан Еуропалық комиссияда бақылаушы мәртебесін алғалы Еуропа Кеңесінің сот жүйесіне қатысты жүргізетін шолу жұмыстарына қатысып отыратынын атап өтті.  

Мерғалиевтің айтуынша, 2020-2022 жылдары Еуропа Кеңесі жүргізген шолуда сот жүйесінде IT сервисті қолдану мәртебесі бойынша Қазақстан 47 елдің ішінде 4-ші орын алған. Сондықтан Қазақстандағы әділетті соттың электронды жүйесін дамытуды алдағы уақытта да қамтимыз.

«Бүгінгі таңда әлем елдері IТ жүйенің көмегін қолданады. Құқық қорғау органдары да бұл трендтен айналып өтпеді. Бұл сот жүйелерінің де жаңа драверіне де айналды. Жасанды интеллект криминалды-қылмыс әлемінің перспективаларын кеңінен ашты. Кибер қылмыс, есірткі мен қару саудасы және басқа да қылмыстардың бетін ашу үшін робототехникаларды, ұшатын дрондарды және түрлі спектрлі камералардың көмегі көп болды. Салаларды Цифрландыру жүйесі орын алған жағдайларға тез көңіл бөліп, оның шешімін табуға мүмкіндік берді», - деді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға